Өскеменде жаңажылдық хоккей матчы өтеді
Борис Александров атындағы спорт сарайында қазақстандық хоккей жұлдыздарының қатысуымен “Ұрпақтар шайқасы” өтеді
Матч 13 желтоқсанда сағат 16.30-ға жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
“Ұрпақтар шайқасына” хоккей жұлдыздары Роман Старченко, Вадим Краснослободцев, Максим Худяков, Федор Полищук, Дмитрий Дударев, Николай Заржицкий, Алексей Бондарев, Виталий Колесник, Вадим Рифель қатысады. Сондай-ақ турнирге Өскемен қаласы “Торпедо” және Алтай ауданының жасөспірімдер командалары қатысады.
Бағдарламада:
- сағат 16.30-18.20 дейін - шығыс кіреберісінің фойесінде, қолтаңба қою отырысы өтеді.
- сағат 19.00-де - матч басталады, үзіліс кезінде ұтыс ойындары, мәнерлеп сырғанаушылардың өнер көрсетуі және мұз үстіндегі хоккей фристайлы өтеді.
Матч аяқталғаннан кейін барлығы мұз айдынына шығып, матчқа қатысушылармен суретке түсе алады, - деп мәлімдеді ұйымдастырушылар. - Кіру ақылы - 500 теңге, 15 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.