Өскемен қаласының әкімі өкілеттік мерзімінің аяқталғанын мәлімдеді
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қызметінен кететінін хабарлады
Ол өзінің Instagram парақшасында бейнежолдау жариялап, өскемендіктермен қоштасты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бейнежолдауында экс-әкім қызметтегі өкілеттік мерзімі аяқталғанын айтты.
Өкілеттік мерзімімнің аяқталуына байланысты қала әкімі қызметінен кететінімді хабарлаймын. Алты жылдан астам уақыт бойы сіздермен және әріптестеріммен бірге қаламызды жақсарту, жайлы әрі әдемі ету жолында ортақ күш-жігер жұмсадық. Көптеген жетістікке жеттік деп ойлаймын. Жақсы қарқын алып, күрделі мәселелер шешілді, - деді Жақсылық Омар.