ШҚО үш күнде 24 мас жүргізуші ұсталған
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер үш күннің ішінде ішімдікке мас күйде көлікті тізгіндеген 24 жүргізушіні анықтаған
Кейбір тәртіп бұзушылар өз кінәсін мойындаса, кейбіреулері жауапкершіліктен қашуға тырысқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл жүргізушілер мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар жүргізуші куәлігінен 7 жылға дейін айырылып, сондай-ақ 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.
Тексерілген жүргізушілер арасында 3 адам бұрын осындай құқықбұзушылықтар жасаған. Енді олар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл ретте 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру максималды жаза ретінде белгіленген, - деп мәлімдеді ШҚО ПД. - Жыл басынан бері тәртіп сақшылары мас күйде көлік жүргізген 1000-нан астам жүргізушіні тоқтатқан.