Катонқарағайдағы полиция бөлімшесін жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Катонқарағай аудандық полиция бөлімшесінің ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Қазір жұмыстар 95%-ға аяқталып қалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгінгі таңда сыртқы бөлшектеу, 2-қабаттың қабырғаларын тегістеу , 1-қабаттың қабырғаларын тегістеу, 2-қабаттың едендерін төсеу, терезелерді орнату, көшеде күштік электр кабелін төсеу, сыртқы кәріз төсеу сынды жұмыстар 95%-ға аяқталған, - деп хабарлайды Катонқарағай аудандық әкімдігі.
Жауапты қызметкерлердің айтуынша, қазіргі таңда ішкі әрлеу мен бояу, тапсырыс берушінің қалауы бойынша есіктерді ауыстыру және тазалық жұмыстары қалды.
Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер – “KAZPROFSTROY HOLDING” ЖШС. Жұмыстарға 3 бірлік техника және 22 адам жұмылдырылған.