Бұқтырма өзенінде су деңгейі төмендегені байқалады
Кеше Алтай ауданының Лесная Пристань ауылындағы Бұқтырма өзені гидрологиялық бекетінде бекеттен төмен сең кептелісінің салдарынан су деңгейінің көтерілуі байқалды
Су деңгейі 25 қараша күні сағат 12.00-ге 350 см, сағат 16.00-ге 430 см-ді құрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
26 қараша күні таңертеңгі жағдай бойынша Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі 381 см құрады. Су деңгейі 530 см-ден асса, бұл шекті (критикалық) жағдай болып есептеледі.
Бұл мұз қату кезінде жылда орын алатын табиғи құбылыс. Аудандық ТЖБ мониторинг жасап отыр, барлық күштер мен құралдар дайын тұр, - деп мәлімдеді ШҚО жедел әрекет ету штабы.
Сондай-ақ, жағдай жергілікті әкімдік пен ТЖД бақылауында. Су деңгейі шектен асып көтеріліп кетсе, барлық қызметтер дайын отыр. Алайда судың шекті деңгейінен екі метрге биік дамбыдан су асып кетуі екіталай. Мамандар су деңгейін үнемі өлшеп отыр. Сондай-ақ, таудағы температура нөлден төмен болғандықтан қосымша су ағыны қаупі жоқ.