Өскемен
ясно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +3°
$
524.02
+1.39
545.19
-3.47
¥
71.82
+0.08
5.09
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жасөспірім мектепке жарылғыш зат орнатқанын хабарлаған

Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінің кезекші бөліміне мектепте жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түскен

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жасөспірім мектепке жарылғыш зат орнатқанын хабарлаған
Фото:
pixabay

Ақпараттың шынайылығын анықтау үшін полиция қызметкерлері мен кинолог мамандар жұмылдырылып, мектепті тексерген, алайда ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті сол мектептің 13 жастағы оқушысы екені анықталды. Жасөспірім әзілдеу үшін жалған хабарлама таратқанын мойындады, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Оқушымен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар кәмелет жасына толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Полиция террористік актілер туралы жалған хабарлама таратқандарға 14,5 млн теңгеге дейін айыппұл салынатынын немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін екенін ескертеді.

14 жасқа толған балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал 14 жасқа толмаған жағдайда балалардың ата-аналары тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Следующая →