Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі ауаны ластайтын кәсіпорындарды тексеруді тапсырды

Бүгін облыс әкімі экологтармен кездесіп, ауа сапасына қатысты жиын өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімі ауаны ластайтын кәсіпорындарды тексеруді тапсырды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірнеше күн қатарынан Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеожағдай сақталуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Өскемендегі ауа райы жағдайына байланысты көптеген ақпарат пайда болды. Мен қала тұрғындарының алаңдаушылығына бейжай қарамаймын, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев. - Облыстық экология департаментінің басшысы Азамат Тауырбековпен кездестім. Мамандар жүргізген өлшеулер сутегі хлоридінің шекті рұқсат етілген концентрациясынан артқанын көрсеткен. Мен атмосфераны ластайтын кәсіпорындарды тексеруді тапсырдым. Айта кету керек, қаланың бассейнде орналасуы, өкінішке қарай, қолайсыз метерологиялық жағдайды өршітуде. Бұл жағдайға пешпен жылытатын жеке сектор иелері де ықпал етеді. "Қазгидрометтің" мәліметінше, қазан және қараша айларында қалада жел болмағаны байқалады, бұл да метеорологиялық жағдайға әсер етеді. Біз өз тарапымыздан Гоголь мен Металлургтер көшелерінің маңында қалың түтіннің пайда болуына не себеп болғанын егжей-тегжейлі анықтаймыз және кінәлілер қолданыстағы заңнама шеңберінде жауап береді. ҚМЖ кезіндегі барлық қауіпсіздік шаралары бақылауда.

Өңір басшысы экологтар барлық шағын қазандықтар мен кәсіпорындарды тексеруі керектігін айтты.

Жақын арада біз қолда бар 10 постқа тағы да қосымша постар орнатуды қаржыландырамыз. Қазіргі уақытта 2-дәрежелі қолайсыз метерологиялық жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің мамандары атмосфералық ауаның сапасын анықтау үшін аспаптық өлшеулерге шықты. Бұл мәселе менің күнделікті бақылауымда, - деді Ермек Беделбайұлы.

Следующая →