Ертең Өскеменде жәрмеңке өтеді
Осы аптада Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылық өнімдері саудаланады
Фото:
pexels
Ағымдағы жылдың 23 қарашасында, яғни сенбі күні облыс орталығына Шемонаиха ауданынан жәрмеңке келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жәрмеңке Жібек Жолы даңғылы 44 мекенжайындағы "Алтай" сауда орталығының аумағында өтеді.
Қала тұрғындарының сертификатталған және сапалы тауарларды төмен бағамен тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздерінен нарықтық бағадан орта есеппен 15%-ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін өтеді.