Өскеменде 2025 жылы қай көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі?
Өскеменде 2025 жылы орташа жөндеуден өтетін көшелер тізімі белгілі болды
Тізімдегі көше жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальты толық ауыстырылатын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, жөнделетін көшелер мамандар пікірінің негізінде және тұрғындардың өтініштерімен, әлеуметтік желідегі сауалнамалар мен қала тұрғындарымен кездесулердің нәтижесі бойынша таңдалған.
Бұл сәуір-мамыр айларында жүргізілетін бірінші кезеңнің жұмыстары. Қалған кезеңдер бойынша нақты мүмкіндіктерімізге қарай қосымша тізім құрылады, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
2025 жылы орташа жөндеудің 1-кезеңі жүргізілетін көшелер:
- Абай даңғылынан Интернациональный көшесіндегі "Старый подхоз" аялдамасына дейін;
- Шәкәрім даңғылынан Абай даңғылыныңң Үлбі көпіріне дейін;
- Қабанбай батыр көшесінен Новаторов, Малдыбаев көшесіне дейін;
- Үлбі көпірінен Интернальный көшесіне дейін;
- Рейша көшесі;
- Виноградов көшесінен 30-шы гвардиялық дивизия көшесіне дейінгі Назарбаев даңғылындағы жол;
- М. Горький көшесінен Бейібітшілік көшесіне дейінгі аралықтағы Қазақстан көшесіндегі жол;
- Севастопальский көшесі;
- Сәтпаев даңғылынан Солтүстік магистраль көшесіне дейінгі аралықтағы Көкжал Барақ көшесіндегі жол;
- Согринский көшесінен Егоров көшесіне дейінгі аралықтағы Вешний тұйық көшесі;
- Геологический көшесінен Волочаев көшесіне дейін;
- "Болашақ" шағын ауданының орталық көшесі;
- Евгений Брусиловский көшесі;
- Абай даңғылы мен (1-ші қалалық аурухана жақ) Шәкәрім даңғылына дейін;
- Иванов көшесі (20-шы шағын аудан)
- 21-ші шағын аудандағы орталық көше;
- Крылов көпірі