Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Вице-премьер "Ауыл аманаты" бағдарламасының ШҚО-да іске асырылу барысымен танысты

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова "Ауыл аманаты" бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер көрмесіне барды

Усть-Каменогорск и ВКО / Вице-премьер "Ауыл аманаты" бағдарламасының ШҚО-да іске асырылу барысымен танысты
Фото:
ШҚО әкімдігінен

Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен табысын арттыруға бағытталған бұл бастама ауыл шаруашылығы бизнесінің әртүрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік ашады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көрмеде азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары қойылды. 2,5%-дық үстемемен қарыз алған азаматтар бағдарламаның өте тиімді екенін айтуда. Көрме "Алтай" көтерме-тарату орталығының аумағында ұйымдастырылды. Нысан құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, көлемі 18 мың тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қойма жұмыс істеуде. Жақын арада мұнда сауда және жәрмеңке алаңы іске қосылады.

Вице-премьер орталықтың жұмысын оң бағалады, ал облыс әкімдігі жергілікті өндірушілерді кешенді қолдаудың маңызын атап өтті.

Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін өндірілетін өнімді өткізудің жаңа мүмкіндігі пайда болды: өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі "Казцинк" жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден азық-түлік сатып алу көлемін ұлғайтатын болады. Осы мақсатта облыс әкімдігі мен кәсіпорын арасында меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, "Казцинк" бұл мақсатқа еліміздегі барлық филиалдары үшін 800 млн теңге бөледі.

Следующая →