Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде жаңажылдық безендіру жұмыстары басталып кетті

Биыл облыс орталығында безендірілетін локациялар саны көбейген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жаңажылдық безендіру жұмыстары басталып кетті
Фото:
Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінен

Олардың қатарында Астана көшесіндегі жаңа жағалау, жылда елеусіз қалатын Ушанов алаңы бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазіргі таңда шаһарды мерекелік безендіруге қажетті әшекейлер дайындалып жатыр. Оған заманауи, сапалы материалдар қолданылуда.

Биыл Республика алаңы, Астана көшесіндегі жаңа жағалау, Өскемен аллеясы, арбат, Тәуелсіздік даңғылы, Қазақстан көшесі, Ушанов алаңы, Металлург саябағы маңы, Коммендантка арнасы, субұрқақтар безендіріліп, мерекелік инсталляциялар, фотоаймақтар орнатылды. Одан өзге, этносаябақ, "Самал" саябағы, "Алтай" стадионы да дәстүрлі түрде мерекеге орай түрленеді.

Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінен

Жаңа жылдың басты символы – шырша әдеттегідей ұлттық нақышта безендіріледі. Бірақ биыл шыршаға ілінетін элементтер мен әшекейлер саны артпақ. Мәселен, былтыр 60 шақты ою-өрнек элементі ілінсе, биыл 103 ілінеді. Биыл жылы сары түсті шырақтар мен көк таспалар қолданылады, - деді Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының м.а. Ержан Ибраев. – Қазақстан көшесі бойындағы 32 жарық бағанына кранштейндер ілінген. Коммендантка арнасында интерактивті шырша, сырғанақ, фотозоналар болады. Халық жылда Ушанов алаңына көңіл бөлінбей қалады деп шағымданатын. Биыл Ушанов алаңы да безендірілетін болады. Жұмыстар басталып кетті, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін желтоқсанға дейін барлығы дайын болмақ.

Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінен

Жақында ғана ашылған Үлбі өзені бойындағы жаңа жағалауда шамдардан жасалған пойыз пайда болады, мерекелік инсталляциялар қойылады.

17 желтоқсанда Жаңа жылдың шырағын жағу үшін қазірден бастап жұмыстарды бастап кеттік, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. – Сондай-ақ, кәсіпкерлерден өздерінің дүкендері мен сауда үйлерінің сыртын безендіруді сұраймыз. Кәсіпкерлер арасында байқау өткізіп, үздік безендіру үшін арнайы сыйлықтар табысталатын болады. Одан өзге, әлеуметтік және мемлекеттік мекемелер де мерекелік безендіру жұмыстарын қолға алуы керек. Бұл ғимараттар арасынан да үздігі анықталады.

Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінен

Қала билігі көпірлерді қалай безендіру жайын ақылдасуда. Өйткені түнгі уақытта қаланың қарақшылары көпірлерге ілінген әшекейлерді жарықтандырып тұратын кабельдерді кесіп алып кететін болған.

Следующая →