ШҚО онкологтары тұрғындарды тегін қабылдайды
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында ашық есік күні өтеді
Ашық есік күні өкпенің, ұйқы безінің және қуық асты безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалауға арналған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қабылдау 23 қарашада сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.
Бұл күні орталықтың жетекші мамандары халықты дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан қабылдап, кеңес береді, - деп хабарлады онкология орталығының мамандары. - Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.
Ескере кеткен жөн, онкологиялық орталықтың емханасында жөндеу жүріп жатқандықтан ашық есік күні стационарда өтеді.
Мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 2-корпус. Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.