Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО-да 322 нәресте шала туған

17 қараша - Дүниежүзілік шала туған нәрестелер күні

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл ШҚО-да 322 нәресте шала туған
Фото:
pexels

ШҚО-да биылғы 9 ай ішінде 6285 бала дүниеге келсе, оның 322-сі шала туған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шала туған сәбилерге облыстық "Ана мен бала" орталығындағы неонатальді бөлімде күтім жасалады. Биыл дүниеге келген 27 нәрестенің салмағы өте аз, яғни 500-ден 999 грамға дейін болған.

Көбінесе мерзімінен бұрын туылған балалар өздігінен тыныс ала алмай, дене температурасын өз бетінше ұстай алмайды. Олардың терісі өте жұқа және осал болып келеді. Осы себепті нәрестелер қажетті температура мен ылғалдылықпен қамтамасыз етілетін инкубаторға орналастырылады. Сондай-ақ шала туған нәрестелер соруды және жұтуды білмейді. Оларды асқазанға және тамырға енгізілген түтік арқылы қоректендіру керек.

Біздің облыстық медициналық көмек көрсету орталығы жансақтау бөлімімен, өкпені жасанды желдету аппараттарымен, жылытылатын үстелдермен және шала туылған нәрестелерді күтуге қажеттінің барлығымен жабдықталған. Жүктіліктің 22 аптасында немесе одан кейін туылған, салмағы 500 грамм немесе одан жоғары нәрестелер өмір сүруге қабілетті. Бұл дәрігердің терең білімін, медбикелердің шеберлігін және орасан шыдамдылықты қажет ететін өте ауыр және қажырлы жұмыс, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мәдина Мырзабекова.

Дәрігерлер болашақ аналарға жүктілікті жоспарлап, денсаулығына мұқият болуға кеңес береді. Баланың дені сау және өз уақытында өмірге келуі осыған тікелей байланысты.

Следующая →