ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін
Облыстың басым бөлігінде қалың қар жауып қалды
Желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүру қаупі бар, деп деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазселденқорғау" ММ ШҚО филиалының ақпараты бойынша қолайсыз метеожағдайларға, облыстың көп бөлігінде қатты жауын-шашынның түсуіне, желдің күшеюіне және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты, 15-18 қарашаға дейінгі аралықта облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар.
ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға шықпауды ескертеді.
Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда – тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез шығыңыз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда ұялы телефоннан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір 112-ге хабарлау қажет.