Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО тұрғыны 240 келі тірі шаянды заңсыз сатпақ болған

Полиция қызметкерлері "Өскемен-Самар" тасжолында тоқтатқан көліктен 16 қап тірі шаян тәркіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО тұрғыны 240 келі тірі шаянды заңсыз сатпақ болған
Фото:
ШҚО ПД

Заңсыз әрекет салдарынан келтірілген залал 1,6 млн теңге, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Браконьер" жедел-профилактикалық алу іс-шарасы барысында полицейлер "Өскемен-Самар" тасжолында автокөлікті тоқтату кезінде оның салонынан тиісті құжаттарсыз тасымалданған тірі көл шаяндары салынған 16 қапты тапқан, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әркеттері жүргізілуде.

Күдікті 240 келіден астам тірі шаянды Өскеменге жеткізіп сату үшін белгісіз адамдардан сатып алғаны белгілі болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша заңсыз әрекет салдарынан келтірілген залал 1,6 миллион теңгені құраған.

ШҚО Полиция департаменті "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өңірдің экологиялық теңгерімін қорғауға және оның табиғи мұрасын болашақ ұрпақ үшін сақтауға бағытталғанын ескертеді.

Следующая →