Биыл облыста ветеринариялық қауіпсіздікке 2 миллиард теңге бөлінді
Ағымдағы жылы ШҚО-да ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2,163 миллиард теңге бөлінді
ШҚО ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықовтың айтуынша, оның 1,6 миллиард теңгесі эпизоотияға қарсы шараларға арналған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Басқарма мәліметтеріне сүйкенсек, жоспар бойынша жануарлар мен құстарды 23 аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғау үшін 5 206 341 профилактикалық шара өткізу көзделген. Бүгінгі күнге дейін жоспарланған іс-шаралардың 4 037 371-і орындалды, бұл жылдық жоспардың 77,5%-ын құрайды.
2023 жылға жоспарланған 5,2 миллион доза ветеринариялық препараттардың 5,1 миллион дозасы жеткізіліп, жалпы көлемнің 98%-ы орындалды.
Ветеринариялық қызметтің негізгі міндеттеріне жануарларды аурулардан қорғау мен емдеу, адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын сақтау және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді, – деді Рамиль Сағандықов.