Катонқарағайда жаңа 14 пәтер пайдалануға берілді
Катонқарағай ауданында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында жалпы ауданы 1755 м² болатын 24 пәтерлік тұрғын үй кешенін салу басталған
Аудан әкімінің орынбасары Әли Шапенов жұмыс барысымен танысып қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл тұрғын үй кешені 2 пәтерлі 12 үйден тұрады. Әр пәтердің ауданы 85 м² құрайды.
Ағымдағы жылдың мамырында Катонқарағай ауданының әкімі, аудан әкімдігі аппараты және "Qurylys BD" ЖШС арасында 2 пәтерлі 12 үйдің құрылысын жүргізу туралы меморандумға қол қойылды. Маусымында басталған құрылыс жұмыстарын "Qurylys BD" ЖШС жүргізуде, - деп хабарлады Катонқарағай ауданының әкімдігі.
Бүгінгі таңда 14 пәтер толық салынып, пайдалануға берілсе, 10 пәтер салыну үстінде.