Катонқарағай аудандық полиция бөлімінде күрделі жөндеу жүргізілуде
Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Аудан әкімі Данияр Дюсембаев пен аудан әкімінің орынбасары Расул Карабалинов жұмыс барысымен танысып қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарды белгіленген уақытта бітіру жоспарланған.
Бүгінгі таңда сыртқы бөлшектеу жұмыстары 80%, шатырды орнату 90%, 2-қабаттың қабырғаларын тегістеу 100%, 1-қабаттың қабырғаларын тегістеу 15%, 2-қабаттың едендері 95%, терезелерді орнату 90%, аумақты жоспарлау 70%, көшеде күштік электр кабелін төсеу 90%, сыртқы кәріз төсеу 90% орындалды, - деп хабарлады Катонқарағай аудандық әкімдігі.
Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер "KAZPROFSTROY HOLDING" ЖШС. Жөндеу жұмыстарына 3 техника және 22 адам жұмылдырылған.