Өскеменде Ұлан ауданының мәдени күндері өтеді
Осы аптада облыс орталығына Ұлан ауданының өнерпаздары мен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер келеді
"Туған жер - алтын бесігім" облыстық жобасы аясында 15-16 қараша күндері Өскемен қаласында Ұлан ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жұма күні Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясында қолөнер, мұражай экспонаттары және кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, артынша гала-концерт өтеді.
Сенбі күні Жібек жолы, 6 мекенжайындағы "Шығыс-Алтай" сауда саттық алаңында Ұлан ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі, ұлттық спорттық жарыстар ұйымдастырылады.