ШҚО тұрғыны 206 келі балықты заңсыз тасымалдамақ болған
Күршім-Үлкен Нарын тас жолында полицейлер 25 жастағы жүргізуші басқарған көлікті тоқтатты
Фото:
ШҚО ПД
Құжаттарды тексеру барысында азаматтың 206 келіден астам түрлі балықты заңсыз тасымалдағаны анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оның ішінде 85 кг көксерке, 102,6 кг шлортан және 78 кг лақа балығы болған.
Тәртіп бұзушы мемлекетке 2 миллион теңгеге жуық залал келтірген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.