Алдағы күндері шығыста аяз күшейеді
"Қазгидрометтің" болжауынша, алдағы үш күнде күн күрт суытады
Еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей өңірде қар жауып, боран соқса, кей өңірде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілішісі.
Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында боран соғып, көктайғақ болады, жел күшейеді. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жауады.
13 қарашада шығыста ауа температурасы түнде -10-25-ке күрт төмендейді, күндіз 5-16 градус суық болады. 14 қарашада түнде 7-20 градус аяз, күндіз 2-13 градус суық болады.