Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
493.85
+1.68
519.04
-3.35
¥
68.16
-0.11
4.97
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі ШҚО-ға келіп кетті

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысының су тасқынына қауіпті аймақтарын тексерді

Усть-Каменогорск и ВКО / ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі ШҚО-ға келіп кетті
Фото:
ШҚО ТЖД

Сапардың мақсаты - гидротехникалық құрылыстардың жағдайымен танысып, өңірдің көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау, деп хабарлайды Устинка LIVE тілішісі.

Вице-министр жергілікті әкімдермен кездесіп, су тасқынының алдын алу шараларын талқылады.

Біз гидротехникалық объектілердің жағдайына ерекше назар аударып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су басу қаупін азайту және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс атқарып жатырмыз, - деп атап өтті Кеген Тұрсынбаев.

Сонымен қатар, вице-министр өңірдегі жол бойларында қыста ашылатын жылыту пунктерінде болып, олардың жұмыс жағдайымен танысты. Бұл пунктер төтенше жағдайлар кезінде суықтан паналауға, медициналық көмек көрсетуге және ыстық тамақпен қамтамасыз етуге арналған.

Кеген Тұсынбаев Шығыс Қазақстанда орналасқан өрт сөндіру бөлімдері мен ТЖ қызметінің бөлімшелерін де аралап, материалдық-техникалық базаның жағдайымен танысты. Ол Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелерін жаңа техникалармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті.

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үшін техника мен құрал-жабдықтарды жаңарту - төтенше жағдайларға жедел және тиімді әрекет ету деңгейін көтерудің маңызды қадамы, - деді вице-министр.

Сапар соңында Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесін жетілдіру жөнінде бірнеше тапсырмалар беріп, облыста төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін одан әрі нығайту міндеттерін қойды.

Следующая →