Алтай ауданында медициналық пункт ашылды
Алтай ауданы Феклистовка ауылында "Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту" бағдарламасы аясында жаңа медициналық пункт ашылды
Ауылда соңғы 40 жылда әлеуметтік нысандар салынбаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Медициналық пункт ауылдық елді мекендерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін қажетті құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталған. Медициналық мекеме ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, профилактикалық сауықтыру жұмыстарын дер кезінде жүргізуге, скринингтік тексерулерден өтуге мүмкіндік береді. Медициналық пункт дизельдік электр станциясымен жабдықталған. Электр қуаты өшіп қалған жағдайда медициналық орталық дизельдік электр станциясын пайдаланып үздіксіз жұмыс істейтін болады. Құрылыс жұмыстарын мердігер "CEO Group" ЖШС жүргізді.
Құрылыс шілде айында басталып, бүгін нысан пайдалануға берілді. Пункт медициналық құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталды. Егер қандай да табиғи апаттарға байланысты жарық сөндірілсе, дизельдік генератор күші арқылы автоматты түрде жарық беру жалғаса береді,- дейді құрылыс жұмыстарын жүргізген медігер "CEO Group" ЖШС басшысы Еламан Ержан.
Ауыл тұрғындары бұған дейін ем алу үшін қалаға баруға мәжбүр болғандарын айтады. Ал қазір ешқайда шықпай-ақ, ауылда ем-дом қабылдауға болатынына риза.