Өскеменде Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді
Тарбағатайлықтар концерт қойып, ауыл дәмінен жәрмеңке ұйымдастырады
"Туған жер – алтын бесігім" облыстық жобасы аясында Тарбағатай ауданы облыс орталығына 8-9 қараша күндері келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
8 қараша сағат 15.00-де Протазанов көшесі, 43 мекенжайында орналасқан "Шығыс Қазақстан облыстық филаомониясының" "Food cord" залында ардагерлер арасындағы "Қазақша Quiz" интеллектуалды ойыны өтіп, алдыңғы буын өкілдері өздерінің салт-дәстүр және туған өлкенің тарихы туралы білімдерін паш етеді.
Сағат 17.00-де тарихи-мұра экспонаттары, ауданның қолөнер және бейнелеу өнерінің туындыларының көрмесін тамашалай аласыздар.
Сағат 18.00-де "Шығыс Қазақстан облыстық филаомониясының" концерт залында Тарбағатай ауданының шығармашылық ұжымдарының салтанатты концерті.
9 қараша сағат 08.00-ден бастап Жібек жолы, 6 мекенжайында орналасқан "Шығыс Алтай" сауда орталығының алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, "Тау көтерген Толағай", "Көлтауысар", "Құралайды көзге атқан" және басқа спорттық ойындар өтеді.
Эстрадалық туындыларды таңдайтындар үшін Өскемен қаласының Арбатында сағат 10.00-де "Ақжар эстрадалық ансамблі" ВИА көше форматындағы концерті ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, сағат 10.00 бастап ауданның атақты суретшілері Төлеген Тоқтаров көшесі, 56 мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында шеберлік сыныптарын өткізеді.