Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 7 заманауи мектеп салынып жатыр

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жеті мектеп 3 мың балаға есептелген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 7 заманауи мектеп салынып жатыр
Фото:
Устинка LIVE

Оның ішінде 1800 орындық төрт мектепті ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін, 1200 орындық үш мектепті 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жобаның ерекшелігі – бастауыш және жоғары сынып оқушыларын бөлек блоктарда оқытуға негізделген. Бұл әдіс қауіпсіздік шараларын күшейтіп, оқушылардың оқу барысын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, әр мектепте психолог және логопед кабинеттері, робототехника, биотехнология, STEM зертханалары, хореография залы және коворкинг орталығы болады. 600 орындық мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған жеке спорт залдары да қарастырылған, - деп атап өтті ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Саят Тойкенов.

2023-2024 жылдарға 7 мектеп бойынша 27,3 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 18,7 млрд теңге түсті. Ағымдағы жылға қажеттілік 8,6 млрд теңгені құрайды.

Саят Тойкеновтің мәліметіне сүйенсек, қараша айына қарасты Шемонаиха қаласындағы мектептің құрылыс жұмыстары аяқталды, қалған үш мектеп бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде және осы жылдың 15 желтоқсанында дайын болатын көрінеді. Бұл үш мектептің құрылысы 2025 жылда жалғасатындықтан, ішкі әрлеу жұмыстарын орындау үшін уақытша жылумен қамтамасыз етілген.

Жергілікті атқарушы орган өз кезегінде құрылыс жүргізіліп жатқан мектептерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы үш мың оқушыға жаңа оқу орындарын ұсына отырып, қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқартуға және білім беру ортасының заманауи стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді, бұл жас ұрпақтың жан-жақты дамуына септігін тигізеді.

Следующая →