Биыл ШҚО-да бизнестен 114 млн теңге салық түскен
Биыл шағын және орта бизнестен түскен салық 28,4%-ға өскен
Ағымдағы жылдың басынан ШҚО-да шағын және орта бизнес субъектілерінен салық түсімдерінің көлемі 114,1 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ольга Григорьеваның айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,4%-ға жоғары.
Салық түсімдерінің өсуі - бұл іскерлік белсенділіктің артуы мен мемлекеттік бағдарламадан қолдау тапқан кәсіпкерлік жобалардың қаржылық тұрақтылығының белгісі, - деп атап өтті Ольга Григорьева. - Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемінің де өскені байқалды. Ол 326,1 миллиард теңгеге жетіп, 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 31%-ға артқан.
Шағын және орта бизнес секторында өнім шығару көлемінің де өсімі байқалуда. 2024 жылдың екінші тоқсанында өндіріс көлемі 828,1 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға өсті. Өнімнің нақты көлем индексі 105,6%-ға жетіп, өндіріс саласындағы нақты өсімді көрсетіп отыр.
Мұндай нәтижеге "Бизнестің жол картасы", "Қарапайым заттар экономикасы" және аймақтық "Ақ-Ниет" бағдарламалары аясындағы кешенді қолдау шаралары септігін тигізген.