Өскемен
пасмурно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
511.22
540.05
¥
70.61
4.73
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО мен Үндістан бірлескен кәсіпорын құрмақ

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Үндістан Республикасына барды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО мен Үндістан бірлескен кәсіпорын құрмақ
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сапар аясында Ермек Көшербаев "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ мен үнді мемлекеттік компаниясы IREL Limited және "IREUK Titanium Limited" арасында титан қожы өндірісі бойынша Қазақстан-Үндістан бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімшарттың ресми рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Үндістан Шығыс Қазақстанның сыртқы саудасында динамикалық өсімді көрсетіп отыр. Бүгін біз Қазақстан мен Үндістан арасындағы берік байланысты көрсететін маңызды кездесуде басымыз қосылып отыр. Өскемен  титан-магний комбинаты мен үнді компаниясы IREL Limited арасындағы бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімшарт біздің өзара әрекеттесуіміз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады және екі елдің дамуына елеулі үлес қосады. Бұл келісім біздің ортақ мақсаттарымызды көрсетеді және жоғары технологиялар мен тұрақты даму саласындағы басқа жобаларды жүзеге асыру үшін серпін береді, - деді облыс басшысы Ермек Көшербаев.

Бұл келісім "УКТМК" АҚ-ның шикізат базасын кеңейтуіне мүмкіндік беріп, бұл Қазақстан титанының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Өз кезегінде, бұл Қазақстан мен Үнді Республикасының экономикалық өсімін және әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

"УКТМК" АҚ атынан келісімді компания президенті Асем Мамутова, ал IREL Limited компаниясы атынан басқарушы директор Дипендра Сингх қол қойды.

Следующая →