Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    -2°
  • Шымкент
    -5°
$
515.02
-2.64
604.22
-2.27
¥
73.19
-0.33
6.5
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде көкөністер бағасын тұрақтандыру маусымы басталды

Картоп, сәбіз, қырыққабат пен пияз бағасы 1 қарашадан тұрақты болады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде көкөністер бағасын тұрақтандыру маусымы басталды
Фото:
Устинка LIVE

"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ баға тұрақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары қатарындағы 4 түрлі көкөніс бағасын тұрақтандыруды қараша айынан қайта бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

1 қарашадан бастап әлеуметтік маңызды азық-түліктер қатарындағы көкөністердің бағасын тұрақтандыру аясында картоп 115 тг/кг, сәбіз 115 тг/кг, қырыққабат 115 тг/кг, пияз 120 тг/кг сатылмақ.

Баға тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде жұмыс жасайтын 24 сауда павильоны бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үстеме бағасыз сатуға 26 кәсіпкермен меморандум жасалды, олардың қатарын арттыру бағытында жұмыстар үздіксіз жалғасуда. Аталған 24 павильонның 8-і бойынша мемлекеттік реестр арқылы ашық конкурс өткізілуде. Павильондарды жалға алғысы келетін кәсіпкерлердің барлығы конкурсқа қатыса алады, - деп мәлімдеді "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ.


Следующая →