Семей қаласының студенттері мен қарауылы 3 және 5 жастағы балаларды өрттен құтқарып қалды
Оқиға кеше таңертең электротехникалық колледждің жанындағы үйде орын алған
Фото:
Устинка Live
Өртті қарауыл байқап қалған.
Николай Имбергенов тұтап жатқан үйді көрген сәтінде ақ, соған бағыттай жүгірген. Қарсы беттен екі төртінші курс студенті жолығып, көмекке ұмтылған.
-Бірақ терезе сынық болып шыққан. Үй ішінен жылаған балалардың дауысы естілгендігін-ШҚО ТЖД хабарлайды. Куәләрдің айтуынша есік жабулы болған. Сондықтан бұзуға тура келген. Бірінші есік оңай ашылған. Екінші есікті Қасымхан мен Думан атты екі студент темір лом арқылы ашқан. Ішке кірген сәтінде Николай бір баланы сыртқа алып шыққан. Екінші баланы студенттер дер кезінде құтқарып қалған.
Өрт сөндірушілер келген сәтімен ақ өрт болған жерді залалсыздандырған. Өрттен қатты шошынған балардің бірі ас бөлмеге барып, терезені сындырып өткінші адамдарды көмекке шақырмақ болған. Өрттің шығу себебі-балалардың тентектігінен болған.
Өрт сөндіруге жеке құрамды 13 адам жұмылдырылған. Семей ТЖ басқармасы балалардың өмірін сақтап қалған азаматтарды марапаттамақ.