Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік Ұлттық ұлан сарбаздары 300 шақырымдық шеру жасады

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінің сарбаздары Өскемен қаласынан Шемонаиха қаласына дейін барып, қайта кері қайтты

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік Ұлттық ұлан сарбаздары 300 шақырымдық шеру жасады
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Әскери бөлімнің 2-2023 және 1-2024 жылғы шақырылымның мерзімді әскери қызметшілерінің қатысуымен 300 шақырымдық тактикалық арнайы сабақ өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оқу-жаттығу барысында жас жауынгерлер өздерінің алған білімдерін іс жүзінде қолданып, қиян-кескі оқыс оқиғада техниканы басқарып, әртүрлі кедергілерді еңсеріп, шектеулі және ойық өтпелерден мүлтіксіз өтті.

Ұлттық ұлан қатарына шақыртылғанда жауынгерлік техниканы басқарудан хабарсыз едім. Ұзақ қашықтықты қамтыған бүгінгі шеруден мол тәжірибе алдым. Жол қауіпсіздігін сақтай отырып, әскери техниканы діттеген жеріне жеткізу үлкен жауапкершілікті талап етеді,– дейді №5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Олжахан Санжар.

Ұлттық ұланның жас жүргізушілері тәжірибеде теориялық білімдерін шыңдап, әскери техниканы басқару қабілетін көрсетті, сондай-ақ жауынгерлік машинамен түрлі кедергілерді еңсерудің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асырды. Алдағы уақытта 300 шақырымды еңсерген жас жауынгерлер әскери көліктерді басқаруға рұқсат алатын болады.

Следующая →