Өскемен
пасмурно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +5°
$
511.22
540.05
¥
70.61
4.73
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да Кендірлік өзенінде жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр

Су инфрақұрылымын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде 2025-2028 жылдары Кендірлік өзенінде жаңа су қоймасы салынбақ

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да Кендірлік өзенінде жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр
Фото:
pexels.com

Бұл туралы "Қазсушар" РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Нұржан Әміржанов Өңірлік коммунникациялар қызметі өткізген брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Құрылысқа дайындықтың маңызды кезеңі 2022-2023 жылдары "Институт Казгипроводхоз" ЖШС жүргізген көпфакторлы тексеру болды. Бұл тексеру нәтижесінде Қандысу су қоймасы үшін қауіпсіздік декларациясы әзірленді. Сонымен қатар, 2024 жылы Үйдене су қоймасында да ұқсас тексеріс жүргізілді, - деді Нұржан Әміржанов.

2025 жылы Үйдене және Қандысу су қоймалары қайта жаңғыртылмақ. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

Облыста 2,8 мың гектар жер су үнемдеу жүйелерімен суарылады. Биыл жаңбырлатып суару қондырғыларын дайындайтын "ERTIS BEREKE OSKEMEN" ЖШС ашылды. Кәсіпорын өнімдерінің алғашқы үлгілері Ұлан ауданының 185 гектар жеріне орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 408 гектар егіс алқабына 3 су үнемдеу машинасын орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Зайсан ауданында алғаш рет 470 гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді.

Следующая →