Өскемен және Семейде дала шамдары ауыстырылады
Кеше облыс әкімі ЕҚҚДБ директорымен Қазақстандағы көшені жарықтандыруға қатысты екі жоспарды қаржыландыру бойынша келісімге қол қойды
Даниал Ахметов пен Джанет Хэкман екі қаланың көшелерін жарықтандыру жобасына 7,7 млрд теңге жұмсалады деп келісті.
Қазіргі таңда Өскемен және Семей қалаларында тұрған көшелерді жарықтандыру жүйесі өте ескірген. Сонымен қатар, көше шамдарына қала бюджетінен көп қаржы жұмсалады.
Өскеменде 18 443 жарық нүктелері бар. Оның 72% -ын, Семей қаласындағы барлық 7296 жарық нүктелерінің шамдары жарық диодтыларға ауыстырылатын болады.
Сонымен қатар, жарық шамдарын автоматы басқару жүйесі енгізілмек. Аталмыш модернизация тек облыс орталығының өзінде жарық шғынын 60%-ға қысқартып, 40 миллионға жуық қаржыны үнемдеуге септігін тигізбек.