Өңірлік қолбасшылықтың басқарма офицерлері сынақтан өтті
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған комиссия Өскемен қаласына келді
Тексеріс тобы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының басқарма әскери қызметшілерін сынақтан өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпараты бойынша, төрт жылда бір келетін кешенді тексерісте Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктіліктері сарапқа салынуда. Ала таңның инспекторлық тексерісті "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері тапсырды. Басты мақсат - өңірлік қолбасшылық әскерлерінің жауынгерлік жай-күйін, әскери қызметшілердің кәсіби қабілеттерін анықтау. Жауынгер үшін ең бастысы - дене даярлығы.
Мен бұл тексеріске тың дайындықпен келдім. Дәл қазір мың шақырымды еңсеріп, белтемірге тартылдым. Мұның барлығы ел қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған шара деп ойлаймын. Өйткені жауынгерлердің физикалық қабілеттілігінің әрдайым жоғары деңгейде болуы олардың патриоттық рухын да арттыра түседі, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының офицері майор Берік Раев.
Әскери қызметшілер сондай-ақ, оқу-жаттығу, тактикалық, дене және атыс даярлығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да негізгі пәндер бойынша сынақ тапсырады. Қазан айының он алтысында басталған арнайы тексеріс ай соңында мәресіне жетеді.