Шығысқазақстандық садақшы қыз Әлем кубогін иеленді
26-28 қазан аралығында Шымкент қаласында "Дала мергені" әлем кубогы өтті
Фото:
instagram/glubokoe_audany
Жарысқа әлемнің 12 елінен келген спортшылар қатысқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл сайыста Қазақстанның намысын жерлісіміз Ажар Төлеуқанова қорғады.Ол дәстүрлі садақ атудан өткен әйелдер арасындағы Әлем кубогы үшін жарыстың жеңімпазы атанды (нысанасы 60 м).
Жарыс керемет өтті. Бұл менің көптен күткен алтыным. Бапкерімнің үмітін ақтағаныма қуаныштымын. Қайта жүрсем де қолдау білдіретін ата-енем мен әке-шешеме алғысымды айтамын, - дейді Ажар Төлеуқанова.