Бүгін Үлкен Нарында терроризмге қарсы жаттығу өтіп жатыр
Бүгін ауыл ішінде көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Фото:
instagram/ulkennaryn_audany_akimdigi
30 қазанда Үлкен Нарын ауылында терроризмге қарсы жаттығу өткізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі
Үлкен Нарын аудандық терроризмге қарсы жедел штабы жаттығу барысында терроризмге осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.