Басқа қаладан келген азамат ШҚО-да есірткі жеткізумен айналысқан
Полицейлер Шығыс Қазақстан облысына басқа қаладан келіп, мұнда есірткі жеткізумен айналысқан курьерді ұстады
Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ПД ақпараты бойынша, тінту кезінде жедел уәкілдер жас жігіттен экстази таблеткаларын, 30 грамдай α-PVP және 40 грамvға жуық мефедрон тәркілеген.
Ұсталған азаматтың ағымдағы жылдың қыркүйек айында көрші облыстан Өскемен қаласына келіп, жалдамалы пәтерде тұрып жатқаны және жұмыс істемейтіні анықталған.
Ер адам алдын ала сөз байласу мақсатында мессенджердегі парақша арқылы есірткі таратқан. Айғақ ретінде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына күдіктінің смартфонындағы "синтетикалық" есірткілерді жасыратын орындардың фотосуреттері мен басқа да өндірілетін есірткі туралы мәліметтер енгізілді, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде беру, өткізу немесе жөнелту мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды және 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.