Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандық донордың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды

39 жастағы ер адам қайтыс болғаннан соң оның туыстары ағзасын басқа науқастарға беруге келіскен

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығысқазақстандық донордың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды
Фото:
Устинка LIVE

Осылайша оның жүрегі, өкпесі мен екі бүйрегі төрт адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Республика күні қарсаңында, 23 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында қайтыс болған донордан төрт пациентке ағзаларды сәтті трансплантаттау жүргізілді, - деп мәлімдеді министрлік. - Мидың өлімі туралы мәлімдемеден кейін 39 жастағы донордың туыстары келісім беріп, ағзаларды төрт адамға сыйға тартты. Көп ағзаны алу барысында жүрек, өкпе және екі бүйрек алынды. 1977 жылы туған ер адамға жүрек, 1962 жылы туған әйелге өкпе, 2015 жылы туған балаға бүйрек, ал 1966 жылы туған әйелге екінші бүйрек трансплантатталды, осылайша елдің төрт азаматының өмірі сақталып қалды.

Пациенттер Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының республикалық, өңірлік және стационарлық трансплантаттау үйлестірушілерінің және "University Medical Center" КҚ, "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС трансплантаттау орталықтары мамандарының үйлесімді командасының арқасында "екінші өмірге" мүмкіндік алды.

Трансплантаттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының деректері бойынша, 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болған 7 донор тіркелді, бұл 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді. 2024 жылғы 25 қазанда қайтыс болған донорлардың саны 6-ау, бұл 23 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді.

2024 жылғы қазан айына Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі республикалық орталығының күту парағында бүйрек, бауыр, жүрек және "жүрек-өкпе" кешеніне трансплантаттауды қажет ететін 4080 пациент бар, - делінген ақпаратта. - Әлемдік тәжірибе растағандай, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық трансплантологияны дамытудың ең перспективалы әдісі болып табылады. Өкпені немесе жүректі күтетін пациенттер үшін бұл өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі екенін айта кеткен жөн.

Следующая →