Өскемен тұрғыны саяжайдағы үйін есірткі өсіретін зертханаға айналдырған
Шығысқазақстандық полицейлер фитозертхананың кәсібін жойды
"Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ШҚО Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ер адам өзінің саяжайдағы үйінде тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған, арнайы шамдармен, желдеткіштермен және термометрлермен жабдықталған зертхана құрған. Полицейлер оқиға орнынан қарасора бұтасын және өсімдік тектес заттарды тәркілеген. Күдіктіге қатысты есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз өсіріп, заңсыз өңдеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.