Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары" жинағының тұсаукесері өтеді

Ертең А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Республика күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырылады

Усть-Каменогорск и ВКО / "Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары" жинағының тұсаукесері өтеді
Фото:
anyz.pushkinlibrary.kz

Үш тілде жарық көрген жинақтың тұсаукесері де осы күнге жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Алдымен кітапхана фойэсінде оқырман назарына арнайы "Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры" интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде ұсынылған әдебиеттер 1990 жылғы 25 қазанда "Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация" қабылданғаннан кейін мемлекет өмірінің әртүрлі салалары: саясат, экономика, мәдениет, өнерде қандай өзгерістер болғанын нақты дәлелдермен мәлімдейді.

Бағдарлама аясында сағат 11.00-де кітапхананың мәжіліс залында "Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары" жинағының тұсаукесері өтеді. Үш тілде жарық көрген жинаққа Шығыс Қазақстанның өзен-көл, тау атауларының шығу тарихы туралы топонимикалық аңыздар, киелі орындар мен тарихи тұлғалар жайлы аңыздар; ертеде өлкемізде өмір сүрген ғажайып та сиқырлы кейіпкерлер жөніндегі әпсаналар енген. Әсіресе, Катонқарағай өңіріндегі жайлаудың Алтықыз атануы, Ертіс пен Үлбінің айнымас махаббаты, таудың "Алтай" аталу себебі,  Қандысу өзенінің тарихы сынды өлкемізге қатысты көптеген аңыздар кез келген оқырманды қызықтырары сөзсіз.

Жинақтың құрастырушысы - өлкетанушы, "Мәдениет саласының үздігі", "Кітапхана ісінің ардагері" төсбелгілерінің иегері Зиза Слямова.

Осы күні сағат 10.00-де кітапхананың "Білім орталығында" кітапхананың жас оқырмандары үшін "Менің Қазақстаным" атты әдеби квест өтеді.

Сонымен қатар, сағат 14.00-де қала тұрғындары "Тәуелсіз елдің тұғыры" тақырыбы бойынша әдеби-тарихи диктант жазады. Диктант мәтіні мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, туған елін сүюге тәрбиелеу тақырыптарын қамтиды. Жалпы диктант жазу адамның сауаттылығын арттырып қана қоймай, патриоттық рухын да оятады. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар марапатталады.

Мереке күні сағат 14.00-16.00 аралығында қаланың жаңа аллеясында қала тұрғындары үшін интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде облыс әкімінің қолдауымен "Абай әлемі" топтамасы аясында биыл жылы жарық көрген жерлес қаламгерлердің шығармашылығы және Шығыс Қазақстан жазушыларының QR көрмесі ұсынылады.

Следующая →