Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +3°
  • Актау
    +11°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +7°
$
491.7
+3.89
531.28
+3.66
¥
68.9
+0.46
5.07
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ға тұмауға қарсы 75 мың доза вакцина жеткізілді

ШҚО-да тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттану жағдайы айтарлықтай өсті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ға тұмауға қарсы 75 мың доза вакцина жеткізілді
Фото:
Устинка LIVE

Бұл туралы ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сауле Слямғазина мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің мәліметтері бойынша, осы жылдың тоғыз айында ЖРВИ бойынша 200 863 сырққаттану жағдайы тіркелген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,74 есе көп. Сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 29 029,84 құрады.

Сонымен қатар, тұмаудың зертханалық расталған 228 жағдайы анықталды. Өткен жылдың осы кезеңінде 43 тұмау жағдайы расталған еді, яғни биылғы жылмен салыстырғанда тұмаумен ауырғандар саны 5,6 есеге көп.

Сырқаттану деңгейі көпжылдық бақылаулар негізінде есептелген бақылау көрсеткіштерінен аспайды. Алайда біз облыс тұрғындарына уақтылы вакцина алып, аурудың алдын алуға кеңес береміз, - деп атап өтті Сауле Слямгазина.

Келесі 2024-2025 эпидемиялық маусымға дайындық аясында өңірге тұмауға қарсы 75 мың доза вакцина жеткізілді, ол қазір халыққа қолжетімді. Айта кету керек, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдер мен қарттарға, диспансерлік есептегі балалар мен ересектерге және басқа санаттағы азаматтарды қоса алғанда, тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялауға ерекше назар аударылады.

Следующая →