Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сарбазды гранатадан құтқарған подполковник ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 3477 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Денис Шемет мемлекеттік наградаға ие болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Сарбазды гранатадан құтқарған подполковник ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Ол сарбаздың өміріне араша түсіп, өзі жарақат алған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығымен Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан

Оның ішінде Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының №3477 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Денис Шемет оқу-жаттығу кезінде көрсеткен өлшеусіз ерлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Ұлттық ұлан қызметшісіне мемлекеттік награданы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов табыстады.

Естеріңізге салсақ, подполковник Денис Шемет оқу-жаттығу кезінде кенеттен жарылған жауынгерлік гранатадан жас сарбазды өз денесімен жауып қалған. Офицер өзі жарақаттанғанымен, сарбаз дін-аман. Қазіргі таңда ұландық өз қызметін жалғастыруда, - деп хабарлады ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.


Следующая →