Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Онкологиялық орталықтың маммологтары "Үлбі" орталығының қызметкерін тексерді

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында "Қызғылт қазан" сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы өтіп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Онкологиялық орталықтың маммологтары "Үлбі" орталығының қызметкерін тексерді
Фото:
instagram/onkocenter_vko

Айлық аясында орталықтың онколог-маммологтары қызметкерлерге кеңес беру үшін "Үлбі" қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мұндай іс шараларды Онкологиялық орталықтың мамандары дәстүрлі түрде өткізеді және әйелдер қауымын өз денсаулықтарына жіті көңіл бөлуге шақырады.

40 жастан асқан әйелдер жыл сайын маммологтың тексеруінен өтуі керек, бірақ бұл ұсынысты бәрі бірдей орындай бермейді. Мұндай сапарлар медициналық көмекті халыққа жақындатуға, өзіне назар аударудың қаншалықты маңызды екенін еске салуға көмектеседі, - деді онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Шолпан Нұрғалиева.

"Үлбі" орталығының 64 маманы маммологтардың тексеруінен өтті, кейбіреулері көрсеткіштер бойынша сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуін жасады. Барлық әйелдер онкологиялық қауіпсіздік бойынша тиісті ұсыныстар мен кеңестер алды. "Үлбі" орталығының өкілдері іс-шара туралы жылы лебіздерін білдіріп, дәрігерлерге алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Следующая →