Өскеменде осы аптада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтпейді
25-26 қазан күндері өскемендік өндірушілердің дәстүрлі көрмесі ұйымдастырылады
Осыған байланысты "Алтай" көтерме сауда орталығында әр сенбі сайын өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі келесі аптаға шегерілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Республика күні мерекесіне орай 25-26 қазан аралығында "Гостиный двор" сауда кешенінде (Қазақстан көшесі, 159 мекенжайы бойынша) "Made in Oskemen -2024" көрмесі ұйымдастырылады. Онда Өскемен қаласының отандық өндірушілері қатысады: тамақ, шаруашылық өнімдерінің, құрылыс материалдарының, медициналық жабдықтардың, жиһаз өнеркәсібінің, тоқыма және ағаштан жасалған бұйымдардың және т.б.
Осыған байланысты 26 қазанда Жібек Жолы даңғылы, 44 мекенжайы бойынша "Алтай" көтерме сауда орталығының аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу келесі аптаға ауыстырылады, - деп мәлімдеді Өскемен қаласының әкімдігі.