Өскемен
пасмурно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +9°
$
486.65
+2.46
524.46
+0.18
¥
68.27
+0.27
5.05
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жауынгері "Айбын" орденімен марапатталды

Суға батып кете жаздаған бойжеткенді құтқарған Жанасбек Пермабекті Президент III дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады

Усть-Каменогорск и ВКО / "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жауынгері "Айбын" орденімен марапатталды
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар әскери қызметшілер марапатталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды.

Оның ішінде Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының аға жауынгері ефрейтор Жанасбек Пермабек суға батып бара жатқан адамды құтқарғаны үшін Р. Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың маусым айында Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №6699 әскери бөлімінің жауынгері ефрейтор Жанасбек Пермабек жолдасы Үлбі өзенінде тал қармап, суға батып бара жатқан бойжеткені құтқарып қалған болатын.

Следующая →