Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы "Шығысэнерготрейд" ЖШС мен "БЭСК" АҚ бірігеді

Бұл облыстың энергетикалық секторындағы жұмысты оңтайландырмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы "Шығысэнерготрейд" ЖШС мен "БЭСК" АҚ бірігеді
Фото:
pixabay.com

Бұл туралы ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы  мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Екі ұйым 2025 жылы біріктіріледі деп күтілуде. Бұл облыстың энергетикалық секторындағы жұмысты оңтайландыруға бағытталған маңызды қадам болуы мүмкін. Басқарма мәліметіне сүйенсек, бұл ресурстарды біріктіруге, үйлестіруді жақсартуға және электр желілеріне техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай интеграция электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырады және соңғы тұтынушылар үшін процестерді жеңілдетеді.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында өңірлік электр желілік ұйымының функцияларын "Біріккен ЭнергоСервистік Компания" АҚ орындайды, оның балансында облыс бойынша: 18 507 км электр беру желілері, кернеуі 220/110/35/10 кВ 161 қосалқы станция және 3760 трансформаторлық қосалқы станция бар. Ал электр энергиясының кепілдік беруші жеткізушісі "Шығыс энерготрейд" ЖШС болып табылады.

Следующая →