Бұқтырма су қоймасындағы жаңа көпірдің ашылу уақыты өзгерді
Шығысқазақстандықтар көптен күткен тарихи сәт – көпірдің ашылуы 20 қазаннан 25 қазанға ауыстырылды
Күршім мен Самар аудандарын жалғап тұрған қос жолақты бұл автомобиль көпірі - Қазақстандағы ең ұзын көпір, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көпірдің ашылуы алты ауданның тұрғындары үшін аса маңызы. Өйткені оны аймақ жұртшылығы жарты ғасырдан астам уақыттан бері күткен. Мемлекет басшысының 2019 жылғы тікелей тапсырмасынан кейін тиісті қаражат бөлініп, 2021 жылдың ақпанында көпірдің құрылыс жұмыстары басталған болатын. Биыл 25 қазанда Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең ұзін көпір салтанатты түрде ашылмақ. Оның ұзындығы – 1316 метр, ал өткізу мүмкіндігі тәулігіне 80 мың көлікке дейін жетеді.
Егер бүгінгі таңда кезек күту уақытын есептемегенде, су қоймасы арқылы пароммен автокөліктер 40 минутта келесі жағалауға жетіп жүрсе, енді су қоймасын екі-ақ минутта кесіп өтеді.
Көпірдің ашылуына орай халықтық мереке ұйымдастырылады. 30-ға жуық киіз үй тігіліп, мәдени-спорттық іс-шаралар өтеді: арқан тарту, қазақ күресі, аударыспақ, жаяу жүгіру жарысы, қол күресі, арқан тарту. Қазақтанға танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт ұсынылып, ақ түйенің қарны жарылған дүбірлі тойға сүйіншілеп келген жұртқа ас беріледі. Той сағат 10.00-де жаңа көпірдің Күршім ауданы жағалауында басталады, - деп хабарлады Күршім ауданының әкімдігі.
Бағдарлама:
- 8:30 - 9:30 – Спортшыларды тіркеу.
- 10:00 – Көпірдің Самар ауданы жағынан Күршім ауданы жағына шеру өтіп, шашу шашылады.
- 10:30 – спорттық ойындардың басталуы
- 11:00 – облыс, аудан басшылығы және келген қонақтарға сөз беріледі.
- 11:20-13:00 – Күршім және басқа аудандардан келген өнерпаздардың концерті.
- 12:30 – сахна алдына ақ түйе шығарылып бата сұралады. Батадан соң түйе сойылады.
- 13:00-14:00 – ас беріледі. Ас уақытында концерт пен спорттық ойындар тоқтатылады.
- 14:00-15:30 – Концерттік бағдарлама жалғасады және спорт ойындарының ақтық кездесулері өтеді.
- 14:30 – 15:15 – @beibitkorgan мен @espanov_n өнер көрсетеді.
- 16:00- 17:00 – Спортшыларды марапаттау. Мерекенің аяқталуы.