Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 21 құрылыс салушы жауапқа тартылды

ШҚО-да 21 құрылыс компаниясы ҚР қарастырылған "Архитектура, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заң талаптарын бұзған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 21 құрылыс салушы жауапқа тартылды
Фото:
Устинка LIVE

Облыс орталығы Өскеменде қазіргі таңда 57 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Олардың 12-сі бюджет қаражатынан, ал 45-і коммерциялық негізде бой көтеруде. Алайда тексеріс нәтижесінде 7 тұрғын үй кешенінің құрылысқа қажетті құжаттар жиыны толық емес екені анықталды.

Құжаттарды дұрыс рәсімдемеген нысандар тізіміне мыналар кіреді:

1. ЖК "Astoria", құрылысшысы ТОО "Дейнека";

2. ЖК "Шаңырақ", құрылысшысы ТОО "Шанырак Ел";

3. ЖК "Asyl Tau", құрылысшысы ТОО "Орда Трейдинг";

4. ЖК "MUZ TAU", құрылысшысы ТОО "Премиум Строй НС";

5. ЖК "Krilova", құрылысшысы Шелинговский Максим;

6. ЖК "Emeralds", құрылысшысы ТОО "Royal Finance group";

7. Сол жақ жағалау, 85-ші нысан, құрылысшысы ТОО "Технология комфорта".

Сонымен қатар, Өскемендегі ЖК "Emeralds" және ЖК "Astoria" салып жатқан екі нысанның да құрылыс үшін қажетті құжаттар жоқ. Бұл жәйт  үлескерлердің алаңдаушылығын тудырып отыр.

Тұрғындарға және ықтимал сатып алушыларға келісімшартқа қол қоймас бұрын барлық қажетті құжаттарды мұқият тексеруді ұсынамыз. Ол үшін Қазақстан Жаңғырту компаниясының (ҚЖК) тұрғын үй порталындағы (homeportal.kz) ақпаратты пайдалануға болады, онда нысандардың құрылысқа қатысты рұқсат құжаттарының жағдайы туралы мәліметтер жарияланған, - дейді ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциялау бөлімінің басшысы Самат Қайырдинов. - Осы шараларды сақтау тұрғын үй сатып алу мен үлестік қатысу мәселелерінде туындайтын қиындықтарды болдырмауға көмектеседі, болашақ тұрғындардың құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.

Следующая →