Өскеменде бүгін автобус ақысын төлеуде қиындықтар туындады
Таңнан бері Өскемендегі қоғамдық көліктерде Kaspi.kz қосымшасы арқылы жол жүру ақысын төлеу процесінде іркіліс байқалады
Бұл Kaspi банктің тарапынан туындаған проблемаға байланысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС ақпаратына сүйеніп.
Kaspi.kz қосымшасы арқылы жол ақысын төлеу қызметі уақытша мүмкін емес. Қазіргі уақытта Kaspі банктің мамандары туындаған мәселені шешіп жатыр, - деп мәлімдеді "Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС. - Қоғамдық көлікке жолақысын қолма-қол ақшамен (130 теңге), көлік картасымен және Halyk банк қосымшасында "QR" арқылы жүргізуге болатындығын еске саламыз.