ШҚО-да шенеуніктер атынан көмек сұрайтындар пайда болған
ШҚО-да мемлекеттік мекемелердің басшылары атынан жалған парақшалар ашу жағдайлары жиілеп кеткен
Шенеуніктердің атын жамылған алаяқтар қарызға ақша сұрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен (көбінесе қарызға ақша алу) көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберген жағдайлар көбейіп кетті, - деп ескертті ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Осы орайда алаяқтардың арбауына түспеулеріңізді және осындай хабарлама алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз.