Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +18°
$
487.24
-1.69
529.34
-3.06
¥
68.42
-0.32
5.02
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚТУ-да студенттерге арналған шахмат үйірмесі ашылды

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да шахмат үйірмесінің ашылуы студенттер арасында шахматты дамытуға жаңа серпін бермек

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚТУ-да студенттерге арналған шахмат үйірмесі ашылды
Фото:
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дан

KazChess қолдауымен ашылған клубта ШҚТУ кәсіби шахматшылармен кездесулер ұйымдастыра алады, бұл студенттер үшін қосымша ынталандыру болмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шахмат клубының ашылуы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Қазақстан шахмат федерациясы университетте және өңірде шахмат қозғалысын дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кабинет студенттердің оқу-жаттығуларына қажетті құралдармен жабдықталған. Жаңа клубтың ашылуына орай гроссмейстер Дармен Садвакасов шахмат тақталарында дәстүрлі алғашқы жүрістер жасап,осы клубта ойналатын қызықты партияларға жол ашып берді.

Клубтың ашылуы ШҚТУ қабырғасында KazChess-тің ШҚО әкімдігі және серіктестер Freedom Holding Corp. мен Shymbulak Waters көмегімен ұйымдастырған ірі халықаралық Oskemen Open турнирінің өтуімен сәйкес келді. Турнир алғаш рет аймақта 15 елден келген 200-ге жуық танымал шахматшыны жинады.

Қазақстанда шахматқа деген сұраныс өте жоғары, ал қазақстандық шахматшылар халықаралық аренада ұзақ жылдар бойы жоғары нәтижелер көрсетуде. Жаңа шахмат клубы ШҚТУ студенттері мен қызметкерлері арасында осы зияткерлік спорт түрін насихаттауда маңызды қадам болмақ.

Следующая →